Жаңалықтар

Абай облысында ер адам әйелін өлімше етіп сабаған

Абай облысында ер адам әйелін өлімше етіп сабаған

Әлеуметтік желілерде Абай облысында Бобровка ауылында ер адам әйелін үнемі ұрып-соғып, өлім аузына апаратыны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz. Соққылардан кейінгі фотосуреттер де тарап жатыр. Соңғы рет 2 мамыр күні әйелдің миы шайқалған.
«Учаскелік полиция қызметкерлері еш шара қолданбай, оны жібере салады. Олар өлімге әкелетін нәтижені күтетін сияқты», - делінген хабарламада.
Ulysmedia.kz жазуынша, бұл жағдайға Қазақстанның Ішкі істер министрлігі де түсініктеме берген. Олар 3 мамыр күні ауруханаға 30 жастағы Семей қаласының тұрғыны жүгінгенін хабарлады.
«Отбасылық жанжал салдарынан дене жарақаттарын алған. Аталған факті Семей қаласы Әуезов ПС-на тіркеліп, тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша құқық бұзушы заң аясында жауапкершілікке тартылады», - деді ІІМ.
Бүгінде жәбірленуші туыстарының қолында.