Қарағандылық 85 жастағы кейуана өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Қарағандылық 85 жастағы кейуана өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сәуір айының соңында полицейлер 50 жастағы ер адамның денесін марқұмның пәтерінен тапқан. Марқұмның анасы мәйіттің жанында болған.
"50 жастағы ер адамның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері байқалды. Анасы мен баласы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қылмыстық істі тергеу ҚК-нің "кісі өлтіру" 99-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізіледі. Полицейлер қылмыстың себебін анықтау үшін тергеу шараларын жүргізеді.