Санатәлі Төлтаев жарыстан шығып қалды
Санатәлі Төлтаев жарыстан шығып қалды
Санатәлі жарыстан шығып қалды, деп жазады Taulik.kz.
Өзбекстан астанасында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр және екінші күн қатарынан қазақстандық спортшылар сәтсіздікке ұшырауда. Спорт журналисінің айтуынша, боксшы Төлтаев Маврикия өкілімен жекпе-жекке шығып жеңіліп қалған.
"Бүгін яғни, 4 мамыр күні 63 келідегі Санатәлі Төлтаев жеңіліп қалды. Қарсыласы – маврикиялық боксшы. Сөздің шыны керек, бұл елдің атын бірінші рет естіп тұрмын. Іле-шала картадан іздедім. Африка маңындағы кіп-кішкентай арал екен. Қазақ боксшылары бұрын-соңды Маврикия өкілінен жеңіліп еді. Енді жеңілді. Сонымен, 2 боксшымыз ұшып кетті. Жарыс жолында 11-і қалды. Уақыт өте үміт сейіліп, күдік күшейе бастады. Бір жағынан кешегі Талғат Сырымбетке қатысты әділетсіз шешімді білесіз. Ал, бүгін Санатәлі ойдағыдай өнер көрсете алмады. Қалай болғанда да, жігіттерге сәттілік тілейміз. Шегінерге жол жоқ. Артта қалың ел тұр. Нағыз сын сағаты басталды",- деп жазды журналист өз парақшасында.