«Жанкүйерлерден кешірім сұраймын»: Төлтаев бүгінгі жекпе-жегі туралы
«Жанкүйерлерден кешірім сұраймын»: Төлтаев бүгінгі жекпе-жегі туралы
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде жеңіліске ұшыраған Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 1/16 финалда Маврикий елінен келген Ришарно Колинмен қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласына берілді.
«Өкінішке қарай, бүгінгі жекпе-жегімде қарсыласыма есе жіберіп қойдым. Қашанда жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Мен үшін қашанда жанкүйер қолдауы ерекше. Қарсыласым өте тәжірибелі боксшы. Олимпиада және әлем чемпионатында бақ сынаған. Мен жекпе-жек барысында жарақат алып қалдым. Соған қарамастан бар күшімді салдым. Жеңілісім үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Қолдау көрсеткен барша азаматқа рақмет айтамын», - деді ол.