Жаңалықтар

Қамауға алынған Серік Күдебаевтың қайда екені белгілі болды

Қамауға алынған Серік Күдебаевтың қайда екені белгілі болды

Желіде бұрынғы генерал-майор Серік Күдебаевты Астанаға жібергелі жатыр деген ақпарат тарады. Осыған байланысты Tengrinews.kz құқық қорғау органдарына сұрау салды, деп хабарлайды Taulik.kz. Құзіретті орган Күдебаевтың Талдықорғанда екенін мәлімдеді.
«Талдықорған қалалық сотының Серік Күдебаевқа қатысты үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта сотталушы Талдықорған қаласының  №71 мекемесінде. Серік Күдебаевты ауыстыру туралы бұйрық түскен жоқ», - делінген Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жауабында.