Жаңбыр, бұршақ: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, бұршақ: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды taulik.kz.
Болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұршақ та жаууы мүмкін, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.
Атмосфералық қысым жоғарылауы Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріне әсерін сақтайды, сондықтан ауа райы құрғақ және ашық болады. Бұл ретте ауа температурасы әрі қарай да жоғарылай береді. Түнгі уақытта елдің көп бөлігінде 1-7 градус аяз сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.