Жаңалықтар

1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы екі есе өседі

1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы екі есе өседі

 1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы екі есе өседі. Мұндай мәліметті ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Бүгінгі күні ұлттық парктер мен қорықтарда 2 525 адам жұмыс істейді. Осы күнге дейін орман шаруашылығы саласындағы ең төменгі жалақының бірі болатын. Бірақ қазіргі уақытта осы мәселе бойынша министрлікпен бірге тиісті жұмыс жүргізілді. Енді 1 шілдеден бастап жалақыны 100 пайызға өсіруді деп көздеп отырмыз», - деді Данияр Тұрғамбаев «Казгидрометте» өткен брифингте.
Azattyq.ruhy агенттігінің жазуынша, орман шаруашылығы саласындағы мамандардың ең төменгі жалақысы штаттық кесте бойынша 80 000 теңгеден астам. Бұл - инспекторлардың жалақысы. Енді осы жалақы екі есе өседі.
«2 525 адамның 1 912-сі инспектор болып жұмыс істейді. Бұл нормаға сай емес. Саны екі есе көп болуы керек. Десе де мамандардың саны көбейіп келеді», - деп айтты ол.
Ол атағандай, мамандарды осы салаға қызықтырудың бір жолы - жалақыны көтеру.