«Семей неге рейтинг соңында тұр?»: облыс әкімі түсіндірді
«Семей неге рейтинг соңында тұр?»: облыс әкімі түсіндірді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстанның 25 қаласы арасында өмір сүру сапасы жөнінен Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Taulik.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Біріншіден, қандай критерийлер бойынша есептеулер жүргізілгенін және бұл қалай анықталғанын білмеймін. Екіншіден, біздің қала жоғары тұрған кейбір қалалардан кем емес. Бұл кем дегенде. Бірақ біз біреуден жақсымыз деуден аулақпыз... Біз «минус бірінші қабаттан» бастадық, сәл кейінірек қайда болатынымызды көрейік. Бәрі қарапайым ғой. Біздің құлайтын жеріміз жоқ. Өз қызметкерлеріме бұған ренжудің қажеті жоқ дедім. Мен бұған жақсы қараймын. Бұл – біздің бастапқы орнымыз. Бірақ бір жылдан кейін тағы да 25-орында деп айтса, онда ойланатын нәрсе болады», - деді Нұрлан Ұранхаев.Еске сала кетсек, бұған дейін Экономикалық зерттеулер институты (ERI) Қазақстанның 25 қаласы бойынша өмір сүру сапасының ұлттық рейтингін дайындаған болатын.