Боксшы Нұрбек Оралбай бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді

5 мамыр, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Боксшы Нұрбек Оралбай бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде жеңіске жеткен Нұрбек Оралбай (80 келі) жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевтың осал тұсын тапты.

«Алғашқы жекпе-жекте жеңіске жеттім. Қарсыласым - тәжірибелі боксшы, Токио Олимпиадасына қатысқан. Бапкерлерімнің тактикасы ойдағыдай жүзеге асты. Алдағы жекпе-жектерімде де жақсы ойын көрсетемін деген ойдамын. Туған елге абыроймен қайтуға бар күшімізді саламыз. Қолдау білдірген барша жанкүйерге рақмет айтамын», - деді Нұрбек Оралбай.
Еске салсақ, бүгін Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ал Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинге есе жіберіп қойды.