Жаңалықтар

«Көмек сұраған дауыс естіген» : екі турист қонақүйде өлі табылды

«Көмек сұраған дауыс естіген» : екі турист қонақүйде өлі табылды

Балидегі қонақүй бөлмелерінің бірінде қытайлық екі турист - ер адам мен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап. Оқиға мамырдағы мереке күндері болғаны хабарланды. Қонақүй бөлмесіне бірінші болып 25 жастағы Ли кірсе, оған сәл кейінірек 22 жастағы әйел қосылған. Жастар кешкі асқа тапсырыс береді. Таңғы сағат 6:34 шамасында қонақүйге келген қонақтардың бірі қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып, көрші бөлмеден көмек сұраған дауыс естігенін айтады. Оқиға орнына келген қонақүй қызметкерлері дәлізде қансырап жатқан Лиді көреді. Ер адамның мойны мен аяғында жаралар болған. Оның құрбысы жуынатын бөлмеден табылады, онда да мойнында жаралар болады. Билік туристердің өлтірілгенін немесе өзіне қол жұмсағанын анықтауды көздеп, тергеуді бастаған.