Жаңалықтар

Астанада ер адам көпірден секірмекші болды

Астанада ер адам көпірден секірмекші болды

Астаналық полицейлер көпірден секірмекші болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Taulik.kz. 5 мамыр таңғы сағат 8 шамасында ЖБО-ның 102 арнасына оқиға куәгерлерінен Янушкевич көшесінің бойындағы көпірден ер адамның секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түсті. Бір қуанарлығы, сол кезде оқиға орнына дер кезінде жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жақын маңда кезекшілікте болған. Полицейлер, оқиға орнына жеткен кезде ер адамның  аяғының көпірдің таянышында салбырап тұрғанын байқаған. Полиция қызметкері Серғазы Баянбаев жағдайды бағалап, тез жүгіріп барып, ер адамды қатты ұстап алып, оны қауіпті аймақтан алып шықты. Алайда ер адам өзін жөнсіз ұстап, полицейдің қолынан босаған. Сол мезетте көмекке оның серіктесі Айдос Сүлейменов жүгіріп келді. Олар ер адамды жұбатып, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді. 31 жастағы ер адамды мұндай ағат қылыққа не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.