Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

7 мамыр, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды taulik.kz Мой город басылымына сілтеме жасап. Өрт 6 мамырда таңғы сағат 9:21-де Қапан Мусин көшесінде болды. №4 емхана маңында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері өрттің тез арада сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.