Ауа райына байланысты 11 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты 11 өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды taulik.kz. Массагет сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысы
8 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысы
8 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда 8 мамырда найзағай болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 18 метр болады.
Абай облысы
7 мамыр сағат 21:00-ден 8 мамыр сағат 21:00-ге дейін Семейде күтілетін қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту сақталады.
Қызылорда облысы
8 мамырда Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіліп отыр.
Түркістан облысы
8 мамырда түстен кейін Түркістан облысының тауларында найзағай болады. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың тау асуларында секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысы
8 мамырда таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысы
8 мамырда Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысы
8-9 мамырда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жететін солтүстік-шығыстан соғатын жел күтіледі. 8 мамырда түстен кейін Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, секундына екпіні – 15-20 метр.
Батыс Қазақстан облысы
8 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде оңтүстікте, күндіз оңтүстікте, шығыста секундына екпіні 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысы
8 мамырда Ақтөбе облысында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15 метр болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
8 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – секундына 15-20 метр. Петропавлда 8 мамырда түстен кейін солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – секундына 15-20 метр.