Жаңалықтар

Тоқаев соғыс ардагерлеріне «Халық қаһарманы» атағын табыс етті

Тоқаев соғыс ардагерлеріне «Халық қаһарманы» атағын табыс етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен соғыс ардагерлеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“1941–1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі,  батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын”, – делінген Президент Жарлығында.
Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Степанович Гапич те осындай атаққа ие болды.