Жаңалықтар

Қарағандыда 2 жасар бала жетінші қабаттан құлап кетті

Қарағандыда 2 жасар бала жетінші қабаттан құлап кетті

Қарағанды қаласында екі жасар бала терезеден құлап, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады Taulik.kz Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 мамыр күні Юго-Восток шағын ауданында болған. Бүлдіршін жетінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Қарағандының ТЖ басқармасы балаларды қараусыз, жалғыз қалдырмауға кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жеті қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен қыз баланы көршілері қағып алып, аман алып қалған еді.