Жаңалықтар

Самокатшыларға қойылатын талаптар нақтыланды

Самокатшыларға қойылатын талаптар нақтыланды

Самокатшыларға қойылатын талаптар нақтыланды, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz жазуынша, алдағы уақытта самокат тебетіндерге қандай талаптар қойылатынын ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтқан. Нақтырақ айтқанда, самокаттар көлік құралы ретінде танылады. Оны жүргізетіндер жылдамдықты сағатына 25 шақырымнан арттырмауы керек. Самокат тебетіндер тек жол шетімен және велосипед жолымен жүре алады. Оны 18 жасқа толғандар басына шлем киіп тебе алады. Самокатпен адам немесе жүк алып жүруге болмайды.