Жаңалықтар

БҰҰ Бас хатшысы: «Ядролық қақтығыс қаупі төніп тұр»

БҰҰ Бас хатшысы: «Ядролық қақтығыс қаупі төніп тұр»

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш ядролық қақтығыс қаупі соңғы онжылдықта ең жоғары деңгейге жеткенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Гутерриш өз пікірін қазіргі кездегі геосаяси жағдаймен байланыстырды.

«Геосаяси шиеленіс күшейді. Ядролық қақтығыс қаупі соңғы онжылдықта ең жоғары деңгейге жетті», - деді ол «Біздің ортақ күн тәртібіміз» деп аталатын баяндамасында.