Жаңалықтар

Алдағы үш күнде елімізде қатты жаңбыр жауып, күн суытады

Алдағы үш күнде елімізде қатты жаңбыр жауып, күн суытады

11 мамырда Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды taulik.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді және бұршақ жаууы мүмкін. 11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда – солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда – орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады. Республика бойынша ауа температурасы төмендейді. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндізгі уақытта температура солтүстік-батыста және солтүстікте 5-15 градус жылы болады.