Антикор Абылай Мырзахметовтың ұсталғанын растады
Антикор Абылай Мырзахметовтың ұсталғанын растады
Антикор Абылай Мырзахметовтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдымен, Мырзахметовтың ұсталғаны жөнінде ақпаратты БАҚ таратқан. Кейін құзырлы ведомствоның өзі де бұл ақпаратты растады.
Оның не үшін ұсталғаны туралы ақпаратты агенттік таратпады.
Абылай Мырзахметов "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы қызметін 9 жыл атқарған. Аталған қызметтен 2022 жылдың ақпанында кеткен.