7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Түркістан облысының полицейлері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. Оны полицейлер Шымкент қаласынан ұстады.
Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазір оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.