Жаңалықтар

Танымал заңгер баласы бар келіншектерді тұрмыс құрмауға шақырды

Танымал заңгер баласы бар келіншектерді тұрмыс құрмауға шақырды

Заңгер Айман Омарова өгей әке тарапынан болатын жыныстық зорлық-зомбылық деңгейі артып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңгер өз Facebook-парақшасында баласы бар ажырасқан әйелдерге кеңес айтты.
"Әр апта балаларға азғындық жасағаны бойынша, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталған ер адамдардың ісімен басталады. Бірінші некеден баласы болып қайта тұрмысқа шығайын деп жатқан аналарға ескертуім бар. Бұл бұрыннан бар нәрсе, бірақ әлеуметтік желілердің болмауына байланысты біз оның бәрін білмей қалдық. Десе де өгей әке тарапынан балаға қатысты зорлық-зомбылық фактілері жиі кездеседі”, – деді ол.
Оның айтуынша, бұл дәстүрге, дінге қарамастан, барлық уақытта болған.
“Қазіргі таңда алты қылмыстық іске қатысып жүрмін. Соның төртеуінде өгей әке баланы зорлады деп айыпталуда. Бұл аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына жатады”, – деді Омарова.
Заңгер келіншек баласымен ер адамның үйіне көшкеннен кейін түрлі сұмдықтар болатынын атап өтті. Оның айтуынша, өгей әке өз ережелерін бекітіп, баланы тәрбиелеуге тырысады. Белгілі бір қысымдар көрсетіп, бопсалайтынын айтты.
“Әйелдер! Баламен тұрмысқа шықпаңыздар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі ер адамның махаббатынан әлдеқайда маңызды. Бүлдіршініңізге қамқор болыңыз", – деп сөзін аяқтады адвокат Айман Омарова.