Жаңалықтар

Түркістан облысында 12 жастағы қыз суға батып кетті

Түркістан облысында 12 жастағы қыз суға батып кетті

Түркістан облысында 12 жастағы оқушы қыз каналға батып кетті, деп хабарлайды taulik.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Абай ауылында болған. 8 мамырда сағат 17:00 шамасында 12 жастағы қыз "Ошақты" каналына құлап, шыға алмай қалған. Оның жанында құрбысы болған. Суға батып кеткен қыз арнаның жанында ойнап, құлап кеткен. Оның денесі 5 шақырым шалғай жерден табылды. Келес аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы, 8 полицей, жергілікті билік қызметкерлері мен туыстары қатысқан.

«Іздестіру жұмысы кезінде Ошақты каналына жіберілетін су уақытша тоқтатылды. Қыздың денесі шамамен сағат 21:20-да оқиға орнынан 5 шақырым шалғай жерден табылды», - дейді құтқарушы Шыңғысхан Уатбаев.