Жаңалықтар

Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан финалға шықты, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта Ресейдің төрт мәрте чемпионы Эдмонд Худоянмен қолғап түйістірді. Тартысты өткен бәсекеде Санжар басым болды. Есеп 5:0, Санжар Тәшкенбайдың пайдасында. Ал Махмұд Сабырхан жартылай финалда әлем чемпионы, кубалық Йосвани Вейтиямен жұдырықтасты. Бірінші раундта бес төреші түгел қазақстандық босшы басым деп тапты. Екінші кезеңде төртеуі берді. Қорытынды есеп - 5:0. Еске алайық, бүгін тағы төрт боксшы финалға шығу үшін сынға түседі.