Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының XVI Құрылтайы өтті
Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының XVI Құрылтайы өтті
Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының кезекті XVI Құрылтайы өтті, деп хабарлады Taulik.kz тілшісі.
Абай атындағы академиялық Опера және балет театрында қаламгерлер қауымы көптен күткен Қазақстан Жазушылар одағының ХVІ құрылтайы өтті. Оған одақтың бес жүзден астам мүшесі қатысты.
Жиынға еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай қатысушыларына арналған құттықтауын жеткізді. Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет өзі басқарған бес жыл аралығында атқарылған жұмыстарға есеп берді. Сондай-ақ Ұлықбек Есдәулет Одақ төрағасын сайлауға түспейтінін көпшіліктің көзінше жариялады.
Жиында Дулат Исабеков, Иран-Ғайып, Кәдірбек Сегізбаев, Ерлан Жүніс және өзге де ақын-жазушылар сөз сөйледі.
Жиын барысында Басқарма мүшелерінің дауыс беруі арқылы Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болып Мереке Құлкенов сайланды. Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма мүшелері:
Нұржан Қуантай – бірінші орынбасары.
Бауыржан Жақып – екінші орынбасары.
Қасымхан Бегманов – үшінші орынбасары.
Ғалым Қалибек – төртінші орынбасары.
Бейбіт Сарыбай – бесінші орынбасары.