СҚО-да жеті жылқы пойыз астында қалып қойды
СҚО-да жеті жылқы пойыз астында қалып қойды
Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл-Алматы» пойызының дөңгелегінің астында жеті жылқы қалып қойды, деп хабарлайды Taulik.kz Petropavlovsk.News-ке сілтеме жасап.
«11 мамырда Ақмола облысындағы Жаматұз-Қорорт-Бурабай стансасының учаскесінде Петропавл-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі темір жолда жылқыларды байқап қалып, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежегішті басқан. Алайда соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады, соқтығыс салдарынан жеті жылқы өлген», - делінген хабарламада.
Пойыздың жоспардан тыс аялдамасы 23 минутты құрады.
«Көкшетау стансасында желілік полиция бөлімі жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде малдың иесі 48 жастағы Ақмола облысының тұрғыны анықталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігімен (Темір жолдар бөлігінде мал жаю ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама жасалып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.