Нұрбек Оралбай да әлем чемпионатының финалына шықты
12 мамыр, 2023 /
taulik
Нұрбек Оралбай да әлем чемпионатының финалына шықты
Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен 22 жастағы қазақстандық ресейлік Имам Хатаевпен қолғап түйістіріп, алғашқы кезеңде 4:1, екіншісінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Ұлттық құраманың 4 боксшысының финалға жолдама алғанын хабарлаған болатынбыз.