Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды

14 мамыр, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды taulik.kz.

Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ойбек Джураевпен қолғап түйістіріп, оны екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.