Жаңалықтар

ӘЧ: Еліміз медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді

ӘЧ: Еліміз медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді

Ташкентте ерлер арасында бокстан аяқталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандықтар 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, соңғы он жылдағы үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұдан 10 жыл бұрын Алматыда өткен дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола алған еді. Ташкенттегі додада шаршы алаң иелері - өзбекстандық боксшылар 5 алтын, 2 күміс, 2 қоламен көш бастады. Ресей құрамасы (2 алтын, 4 қола) үздік үштікті түйіндеді. Жалпы медальдар кестесі: 1.Өзбекстан (5-2-2). 2.Қазақстан (4-0-1). 3.Ресей (2-0-4). 4.Куба (1-3-2). 5.Франция (1-1-1). 6.Грузия (0-1-2). 7.Моңғолия (0-1-1). 7.Бразилия (0-1-1). 7.Әзербайжан (0-1-1). 10.Қытай (0-1-0). 10.Италия (0-1-0). 12.Үндістан (0-0-3). 12.Испания (0-0-3). 14.Армения (0-0-2). 15.Қырғызстан (0-0-1). 15.Иордания (0-0-1). 15.Тәжікстан (0-0-1). 15.Мексика (0-0-1). Чемпионатта Халықараралық бокс федерациясының (IBA) шешімімен жеңімпаздарға - 200 мың, күміс медаль алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілді. Қазақстандық боксшылар барлығы 1,3 млн доллар табыс тапты.