5 жылда 11 мың өлім: еліміздегі ең қауіпті жолдар тізімі жарияланды
taulik
5 жылда 11 мың өлім: еліміздегі ең қауіпті жолдар тізімі жарияланды
Еліміздегі ең қауіпті жолдар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Taulik.kz.Ulysmedia.kz жазуынша, соңғы 5 жыл ішінде болған 74 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы салдарынан 11 193 адам көз жұмған. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген.
«5 жыл ішінде 74 мыңнан астам жол-көлік оқиғасында 11 193 адам (8 212 ер адам, 2 974 әйел, 1 093 бала) қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингінде Қазақстан 100 000 халыққа шаққанда 12,7 өлім көрсеткішімен әлемнің 192 елінің ішінде 107 орында тұр. Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан азаматтардың 36%-ы жаяу жүргіншілер, 32%-ы көлік құралдарының жолаушылары, 27%-ы көлік құралдарының жүргізушілері, 5%-ы мотокөлік немесе велосипед тізгіндегендер», - делінген тұжырымдамаға енгізілген Ішкі істер министрлігінің деректерінде.