2024 жылдан бастап бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады

5 тамыз, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
2024 жылдан бастап бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады

2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан 5G желісімен қамтылған.

Асхат Оразбектің мәліметінше, 2024 жылы 5G қолжетімді болады.

«Меніңше, алдағы екі жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді», - деді Асхат Оразбек.