ҰҚК курсанты қайтыс болардан 2 күн бұрын депутатқа хат жолдаған
ҰҚК курсанты қайтыс болардан 2 күн бұрын депутатқа хат жолдаған
Мәжіліс депутаты Руслан Берденов әскери қызметкерлер мен курсанттардың арасындағы лудомания мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды taulik.kz Айқынға сілтеме жасап.
Депутаттың айтуынша, жақында мерт болған марқұм жігіт қаза боларынан екі күн бұрын оған аноним түрде хат жазған.
"Бұл бір ғана жағдай емес. Бұл жағдайға қатысты кішігірім есеп жасап қана қоймай, үлкен жұмыс істесеңіздер дұрыс болады. Себебі бұл әскери орындардағы өте үлкен проблема. Мен күніге әртүрлі хат алып тұрамын. Депутат ретінде адамдармен бөлек кездесіп жүрміз. Бұл өте күрделі проблема. Осыған байланысты дұрыс қорытынды жасаңыздар", – деді депутат Мәжіліс отырысында.ҰҚК өкілі бұл жайттан хабардар екенін айтты.
"Бәрін түсініп отырмыз, бәрін біліп отырмыз. Қолдан келгеннің бәрін істейміз. Проблеманы білеміз. Шұғыл және жауапты шешімдер қабылдаймыз", – дейді ҰҚК өкілі Мәжілісте.Еске сала кетейік, 1 мамырда ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-курс курсантының денесі табылған еді. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру. Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.