Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

16 мамыр, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды taulik.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. live-tennis.eu хабарына қарағанда, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілуге тиіс. Бұл - оның карьерасындағы ең жоғары нәтиже.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Римде (Италия) өтіп жатқан Masters 1000 - Internazionali BNL d'Italia турнирінде чехиялық Маркета Вондроушованы жеңіп, ширек финалға өтті.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Римде жеңіске жетсе, төртінші орынға көтеріледі.