45 градусқа дейінгі ыстық: синоптиктер ауа-райын болжады

17 мамыр, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
45 градусқа дейінгі ыстық: синоптиктер ауа-райын болжады Қазгидромет 2023 жылдың жазы елімізде қандай ауа райы фонында өтетіні туралы болжам жасады. Синоптиктердің айтуынша солтүстік облыстардан басқа аймақтарда температуралық фон климаттық нормадан жоғары болады. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды. Stan.kz жазуынша, Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында фронтальды бөліктер өтіп, солтүстік теңіз аймақтарынан суық бөліктерінің келуінен ауа температурасы күндіз +30+38°С-тан +15+20°С-қа дейін ауытқуы мүмкін. Республиканың оңтүстік-батыс жартысында кей күндері термометрлер +40+45°С-қа дейін көтеріледі. Алайда кейін жылудың орнына жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, салқын күндерге ауысуы мүмкін. Маусым айында республиканың басым бөлігінде ыстық болады. Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2°-қа жоғары. Ал республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деп күтілуде. ( Бұл норма: Қазақстанның басым бөлігінде +18+23°С, елдің оңтүстік-батыс жартысында +24+28°С, республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда +7+17°C) Шілде айында Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормаға жақын болады. Республиканың оңтүстік облыстарында нормадан 1°-қа жоғары болады деп күтілуде. (Ал норма: еліміздің  басым бөлігінде +18+24°С , елдің оңтүстік жартысында +25+30°С, республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда +9+17°С). Тамыз айы ыстық болады. Ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, республиканың солтүстік-батыс жартысында ғана нормаға жақын болады. (норма еліміздің басым бөлігінде +20+28°, елдің солтүстік-шығыс жартысында +16+19°С, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда +11+15°С). Жаз айында Қазақстан бойынша жауын-шашын тапшылығы күтіледі. Климаттық нормадағы жауын-шашынның мөлшері: