Жаңалықтар

Мұғалімдер сыйлық алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Мұғалімдер сыйлық алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мұғалімдерді сыйлық алудан бас тартуға шақырып жатыр, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Департамент мәліметінше, жыл сайын мектептерде соңғы қоңыраулар, бітіру кештері және мұғалімдер мен мектеп директорларына қымбат сыйлықтар тарту орын алады. Оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін беріледі. Барлық мектептерде алымдарға қатаң тыйым салынады.
“Осыған қарамастан, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі алымдар фактілері бойынша 20-дан астам өтініш түсті. Бұл ретте, ведомствода аталған заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салынған",- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мектеп директорлары үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы – 600 АЕК көлеміндегі айыппұл (ҚР ӘҚБтК 677 – бабы), қылмыстық үшін – мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (ҚР ҚК 366-бабы). Сондай-ақ мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынады (ҚР АК 509-бабы). Өзге жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚК 247-бабы). Егер Сіз ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық туралы білсеңіз, 1424 Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады, қажетті шаралар қабылданатын болады.