Жаңалықтар

Күйеу жігіт қалыңдығын жасауында салқындатқыш болмағаны үшін ұрған

Күйеу жігіт қалыңдығын жасауында салқындатқыш болмағаны үшін ұрған

Үндістанда үйлену тойында қалыңдығының артынан келген жасаудың арасында салқындатқыш жоқ екенін естіп қалған күйеу жігіт оны шапалақ ұрып, талдырып тастаған, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға 11 мамырда Уттар-Прадеш штатында болған. Болашақ ерлі-зайыптылар үнділердің үйлену тойын өткізетін дәстүрлі джаймала рәсімі кезінде гүл тізбегін алмасу үшін сахнаға шыққан.
«Сол кезде күйеу жігіт қалыңдықтың отбасы жасауға кондиционер қосуға келіспегенін біліп, ашуға булығып шыға келеді. Ол қалыңдықты шапалақпен бір салып, сахнадан итеріп жібереді. Қатты құлаған бойжеткен есінен танып қалған», - делінген хабарламада.
Оқиғаның соңы күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары арасындағы төбелеске ұласқан. Екі жақтан да көптеген қонақтың жараланғаны хабарланды. Полицейлер екі отбасы өзара келісімге келіп, тойды тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.