Жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады

Белгілі кәсіпкер Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады

Белгілі кәсіпкер, Beles құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады, деп хабарлайды Taulik.kz. Өзбекстан астанасы – Ташкентте өткен бокстан ересектер арасында әлем чемпионатында жеңіске жетіп, ел намысын қорғаған Санжар Тәшкенбайға пәтер кілті табыс етілді. Сонымен қатар оның жеке жаттықтырушысы Нұржан Насановқа да сәйгүлік мінгізді. Боксшы еңбегін елеп, қолдау көрсеткен Махат Төреәліге өз алғысын білдірді. Спортшының анасы да Астанада 20 жылдан бері пәтер жалдап тұратынын айтып, алғыс-тілектерін жаудырды.
Сіздер бізді қолдауда шаршамасаңыздар, біз де биік шыңдардан көрінуден шаршамаймыз, –  деді Санжар Тәшкенбай.
Боксшы Ташкентте финалда Грузияның өкілі Сахил Алахвердовиді жеңген болатын.