Жаңалықтар

Мәслихат депутаты қамауға алынды

Мәслихат депутаты қамауға алынды

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты жоқ малға заңсыз субсидия алғанын қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Халық Үніне сілтеме жасап. Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.
Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге. Қазір бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.