Жаңалықтар

Қазақстанда 1,5 мыңнан астам сайт бұғатталды

Қазақстанда 1,5 мыңнан астам сайт бұғатталды

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың 60% астамын айналасындағылар жасайды. Атап айтқанда, әкелер, өгей ата-ана және жақын таныстары. Мұндай қылмыстардың 40%, былай айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен ерікті келісім негізде жасалады. Қазақстанда мұндай қылмыстарды көбіне 18 жастан 25 жасқа дейінгі адамдар жасап жатады», - деді Ренат Зұлхайыров брифингте.
Спикердің сөзінше, жыныстық сипаттағы қылмыстардың көбеюіне интернет кеңістігіндегі заңсыз мазмұндағы мәліметтер де ықпал етіп отыр.
«Біз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге заңсыз мазмұндағы мәліметтерді анықтаймыз. Биылдың өзінде осындай сипаттағы 5 мыңнан аса сайт белгілі болды. Бүгінде оның 1,5 мыңнан астамы бұғатталды», - деп түйіндеді комитет төрағасының орынбасары.