Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен сақтайтын генотип табылды
Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен сақтайтын генотип табылды
Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен қорғайтын генотип табылды, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерекше ген туралы генетик Гүлнар Святовая мәлімдеді.
Оның айтуынша, спирттік дегидрогеназа ферменті азиялықтарға қарағанда қазақтарда жақсы жұмыс істейді, бірақ еуропалықтарға қарағанда нашар.
Мәселен, Шығыс Азияда бұл полиморфизм 17,4%, Жапонияда - 24% болып табылды, сондықтан олар тез мас болады.
"Бірақ біз қорғаныш генотипін, яғни қазақтарды маскүнемдіктен сақтайтын генотипті таптық. Бұл генотипті тасымалдаушыларда маскүнемдіктің даму қаупі әлдеқайда төмен. Қазақстандық популяциядағы бұл қорғаныш аллельінің тасымалдаушы жиілігі 1,31% құрады, бұл жиілік африкалықтарда - 0,2%, американдықтарда - 0,3%", – деді генетик маман.Қорытындылай келе, Святовая генетиктер алған нәтижелер диагностика мен емдеудің жаңа бағыттарын ұсынуға, сондай-ақ пациенттердің этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекел топтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.