Жаңалықтар

Кондитерлік өнім тиеген көлік түгел жанып кетті

Кондитерлік өнім тиеген көлік түгел жанып кетті

Ақтөбе облысы Белқопа ауылының маңында жүк көлігінің тіркемесі өртенгенін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. Оқыс оқиға 18 мамырда болған. Самара-Шымкент автожолының 931 шақырымында "Volvo" жүк көлігі өртенді.
«Кондитерлік өнімдермен тиелген жүк көлігі Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына қарай бағыт алғаны анықталды. Қозғалыс кезінде көлік жүргізушісі тіркеменің өртеніп жатқанын байқап тоқтайды, басқа жүргізушілердің көмегімен тіркемені көліктен ажыратып үлгереді», - дейді ведомстводағылар
Тіркеме толығымен өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.