14 жастағы қазақстандық теннисші негізгі турнирге өтті
14 жастағы қазақстандық теннисші негізгі турнирге өтті
Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF World Tennis Tour W25 турнирі басталды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың іріктеу сатысында өскемендік 14 жастағы Мәлика Әмірғалиева өнер көрсетті.
Мәлика WTA рейтингісінде жоқтығына қарамастан, іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 1990-ракеткасы, ресейлік 18 жастағы Николь Мишиеваны 6:1, 6:4 есебімен ұтты.