Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары белгілі болды

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жоспары қандай, бұл туралы Taulik.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Президент 22 мамырда Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі
"Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.
25 мамырда президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.