Генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазған хаты пайда болды (фото)
Генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазған хаты пайда болды (фото)
Тергеу изоляторында көз жұмған генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазған хаты пайда болды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Хатта ол өзінің өліміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Төлеген Ербол пен өзіне қарсы арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған.
Айта кетейік, 6 тамызда генерал-майор Жайлаубек Халықұлының тергеу изоляторынан денесі табылған болатын. Қазіргі уақытта облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.