Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Сербияда Куршумлия-Баняда өткен ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Taulik.kz.
ҚазАқпараттың жазуынша Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге соңғы бәсекеде белоруссиялық Александра Азарко - ресейлік Виктория Бородулинамен шеберлік байқасты.
Ж.Құламбаева мен М.Кубка 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, жұптық сында Жібек Құламбаева ITF додаларында биылғы маусымдағы екінші, спорттық жолында 21-інші трофейіне қол жеткізді. Қазіргі кезде ол жұптық сында әлемдік рейтингіде 198-орында тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Моника Селеш пен Мария Шарапованың жетістігін қайталады.
Анна Данилина Париждегі жарыстың жеңімпазы атанды.