Президенттің Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі
Президенттің Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі
Жексенбі, 21 мамырда қазақстандық телеарналар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары туралы "Алтын достық" деректі фильмін көрсетеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының телерадиокешені өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.
Қытайда Қазақстан Президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты.
Massaget.kz жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің "Алтын достық" атты жаңа деректі фильмінен көруге болады. Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.