Алматыда тауға шыққан турист жоғалып кетті

23 мамыр, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Алматыда тауға шыққан турист жоғалып кетті
Алматыда Аустралиядан келген турист жоғалып кетті. Оны іздеуге полицейлер, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды taulik.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
21 мамыр күні турист Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66-үйде орналасқан "727" хостелінен шыққан. Арықтау келген, қара қысқа шашты, қой көзді, сақал-мұрты бар. Көрген, білгендер болса, 8 701 357 92 91 телефон нөміріне немесе полицияға хабарласса болады. Қалалық ТЖД 22 мамырдан бері іздеп жатыр. Бірақ жоғалған турист әлі табылған жоқ.