Жаңалықтар

Итті көлікпен сүйреген жүргізушінің видеосы тарады

Итті көлікпен сүйреген жүргізушінің видеосы тарады

Шымкентте Opel Astra жүргізушісі алабайды көлігіне байлап сүйреген. Қала тұрғындары оны видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер "Қорғау" қосымшасының көмегімен көліктің бағыты мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Ер адамның айтуынша, басқа үйге көшіп жатқанда салонда итке орын болмай қалған.
Жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2-бабы (Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. Барлық материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.
Айта кетері, мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған.