Жаңалықтар

Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтірген адамға сот үкімі шықты

Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтірген адамға сот үкімі шықты

22 ақпанда Түркістанда екі қасапшы жанжалдасып, біреуі екіншісін пышақтап өлтірген еді. Оған ҚК 99-бабы 1-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz

Stan.kz жазуынша, дау мал союдан туындаған. Келіспеген екі ер адам қырқысып, ақырында біреуі пышақтап тастаған. Әрі оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленушінің анасы 15 жыл сұрайды.

 

"99 бап бойынша бас бостандығынан айыру 8-15 жылға қарастырылған. Әлі ізденемін. Іштегі ашылмаған нәрселерді шығарамын, кеудемде жаным қалғанша соңына дейін барып, күресемін", – дейді жәбірленушінің анасы.

 


Қасапшының артында жесірі мен жетім баласы қалды