Жаңалықтар

Путин ядролық қаруды кімге қарсы қолдануы мүмкін?

Путин ядролық қаруды кімге қарсы қолдануы мүмкін?

Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығының қалай аяқталатыны көп нәрсені шешеді. Бұл туралы Украинаның екінші президенті Леонид Кучма ВВС-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Ол қазіргі уақытта үшінші дүниежүзілік соғыс басталудың аз-ақ алдында тұрған болуы мүмкін деп санайды. Оның пікірінше, егер Украина Ресейге тойтарыс берсе, онда Путин осымен тоқтайды. Егер Украина жеңілетін болса, онда Кремль әскери агрессия арқылы географиясын кеңейтуді жалғастырады.

Леонид Кучма екінші сценарий жүзеге аса қалса, Ресейден қауіп бірінші кезекте Литва мен Польшаға емес, НАТО-ға кірмейтін посткеңестік елдерге төнеді деген ойда.

«Мәскеудің Молдоваға, Солтүстік Қазақстанға, Грузияға доқ көрсетуі әдеттегі жағдайға айналып барады. Ресей өзінен әлсіздерге ғана тісін батырады. Ал НАТО-ға соғыс ашпайды. Әсіресе бүгінгідей әскері әлсіреген шақта. Жай соғыста НАТО Ресей армиясын тас-талқан етеді, ядролық соғыста жоқ қылады. Путин не ұтылып тынатын, не өліп тынатын соғысты аша ма? Есі дұрыс адамның жауабы айтпаса да белгілі. Бірақ ол...» деген Леонид Кучма сөзінің аяғын жалғастырмады.

Сондай-ақ ол Ресей стратегиялық ядролық қаруды тек өзіне қатер төнген жағдайда, әрі тек АҚШ-қа қарсы қолдануы мүмкін екенін, алайда Украинаға қарсы ұрыста Путиннің саяси позицияларына қауіп төнетіндей жағдай туса, тактикалық ядролық қаруды қолданудан тайынбайтынын жеткізді.

Онда Украинаның жағдайы күрделене түседі. Бұндай жағдайда Путинді батыс елдері ғана тоқтата алады» дейді ол.