Жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарында доллар 441 – 446 теңге аралығында саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар 441 – 446 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441- 446 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,5– 445,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 443 – 446,5 теңге аралығында құбылып тұр. 24 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,91 теңгеге қымбаттап, 444,67 теңге болған. Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444,44 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,56 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,48 - 5,58 теңгеден сатылуда.